27 ақпан күні Оқушылар сарайында Облыстық әдістемелік кабинеттің меңгерушілеріне арналған семинар өтті. Семинар барысында “Оқушылар сарайы” МКҚК-ның директоры Шолпан Сериккалиевна келген қонақтарға сәттілік тілеп, үйірмелердің бағыт-бағдарларымен таныстырып, жетістіктерге тоқталды.
Сарайымыздың педагог-психологы Сариева Б.Ж. таныстыру, біріктіру мақсатында тренинг өткізді. Соңынан Әдістемелік кабинет меңгерушілеріне сарайішілік саяхат жасалды.