Гимн

 

 

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ

Үздіктер ордасы
Әні: Рауль Бишаев
Сөзі: Абдул Рахметов

Достықтан қамал еткен маңайын,
Түлеткен таланттардың талайын.
Үміттің желкенісің, мықтылар мекенісің сарайым.

Көзінде әр баланың жалын бар,
Бойында ұл-қыздардың дарын бар.
Самғасын ой қиялың, жеңістің бой тұмарын тағыңдар.

Переход:
Ордалы оқушылар сарайында,
Жол ашқан талай қыз бен талай ұлға.
Ертеңге жол ашатын орда, бізге қосыл қалма, шыңға бірге самғайық!

Қайырмасы:
Бұл біздің сарайымыз бағалы,
Бұл орта жұлдызыңды жағады.
Мықтыны іздеген жан қаладан,
Тек біздің ортамыздан табады.
Бұл біздің оқушылар сарайы!

2.Тәліммен түлеп өскен өркені,
Арманның адал аппақ желкені.
Спортта, өнерде де, біліммен кемелденген ертеңі.

Көгінде еркін ұшқан қыраны,
Біз едік бейбіт елдің ұланы.
Бұл сарай тілегімде, мәңгілік жүрегімде тұрады.

Переход:
Ордалы оқушылар сарайында,
Жол ашқан талай қыз бен талай ұлға.
Ертеңге жол ашатын орда, бізге қосыл қалма, шыңға бірге самғайық!

Қайырмасы:
Бұл біздің сарайымыз бағалы,
Бұл орта жұлдызыңды жағады.
Мықтыны іздеген жан қаладан,
Тек біздің ортамыздан табады.
Бұл біздің оқушылар сарайы!

РЭП:
Батыстың ұлдары қыздарыда.
Алдына ешқандай жан салмайтын.
Сайысса жеңетін
Алдынан келетін
Қиындық дегенде тайсалмайтын.

Келешек ертеңге қарайық біз
Бейбіт күн көгінде жанайық біз.
Дәстүрін сақтайтын.
Үмітін ақтайтын.
Қазақтың жәйғана ұрпағымыз.

Қайырмасы:

Сегодня 9

Вчера 41

На этой неделе 168

В этом месяце 889

Всего 18675

Kubik-Rubik Joomla! Extensions