OS имидж

Ағымдағы жылдың 3 қараша күні Облыстық “жас мамандар слеті” педагогикалық фристайлі өтті. Барлық облыстардан жиналған 300ге жуық жас мамандар 4 топқа бөлініп берілген мектептерді аралап, мектептердің тыныс-тіршіліктерімен, оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен танысып, тәжірибе алмасып қайтты.
Оқушылар сарайы да ұйымдастырушылар қатарында болып, барлық жас мамандарды құшақ жая қарсы алды. “Оқушылар сарайы-жас маманның имиджін қалыптастыратын орта” деген тақырыптағы семинарда “Жас мамандар мектебі”, “Тәлімгерлік жұмыс”, “Әдістемелік көмек” және “Зияткерлік ойындар” туралы ақпарат берілді.
Топтағы мамандарды біріктіру, көңіл-күйлерін көтеру мақсатында би билеп, ән айтылды. Негізгі бөлімде Оқушылар сарайындағы Дебат қозғалысының жұмысы көрсетілді. Шеберлік сағатта бөлініп келген 4 топқа 4 түрлі сұрақ қойылып, сол бойынша пікірсайысшылар өз ойларын ортаға салды. Белсенді қатысқан мамандарға “Үздік спикер” номинациясы табысталды.
Облыстық жас мамандар слетінің биылғы жылдық қорытынды шарасында Оқушылар сарайының директоры Шолпан Сериккалиевна және ұжым мүшелері следті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін “Алғыс хатпен” марапатталды.

Сегодня 22

Вчера 41

На этой неделе 181

В этом месяце 902

Всего 18688

Kubik-Rubik Joomla! Extensions