28 қазан күні Оқушылар сарайында “Оқу үрдісінде жобалап оқыту технологиясын қолдану” тақырыбында қалалық семинар оздырылды. Химия және биология пәндері бойынша жас мамандардың ғылыми жобаны жүргізу және дайындау бойынша құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында өткізілген семинарға қала мектептерінің жас мамандары қатысты. Семинар барысында Оқушылар сарайының директоры Сисенова Шолпан Сериккалиевна алғы сөз сөйлеп, жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жетістіктерді таныстырып, қатысушыларына сәттілік тіледі.
Семинар теориялық және практикалық бөлімдерді қамтыды. Теориялық бөлімде спикерлеріміз мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және құжаттардың рәсімдеу технологиясы туралы ақпараттармен бөлісті.
Практикалық кезеңде оқу үрдісінде жобалық іс-әрекет түрін қолданудың әдістемелік негізінде топта жұмыстанды. Бұл кезеңде әрбір топқа жобаға қажетті көмекші құралдарды пайдалана отырып, ғылыми жұмыстың барысын жоспарлауға тапсырма берілді. Семинар барысында алған ақпараттарды пайдалана отырып, мұғалімдер жобаның моделін ұсынып, бір-біріне таныстырды.
Семинар соңында Оқушылар сарайының зерттеу алаңына экскурсия ұйымдастырылды. Қала мектептерінің мұғалімдері бүгінгі оқыту семинарында тәжірибе алмасып, өткізілген семинардың маңызын атап өтіп, алғыстарын білдірді.
Белсенділікпен қатысқан барлық әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз!