23 қазан күні Орал қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен “Адал жас ұрпақ” еріктілер клубы көшбасшыларының қалалық форумы өтті. Форумның мақсаты: Қоғамда адал ұрпақты қалыптастыру, оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартуды жүйелі түрде жүргізу, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Форум қонақтары Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, ақын, тележүргізуші Мұнайдар Баймолда Мұханбетжанұлы , “Жастар рухы” жастар қанатының төрағасы-Исламғали Архат Жұбайұлы қатысты. Тұғыры биік тәуелсіз еліміздің жарқын келешегі үшін атсалысатын өздеріңдей жас азаматтарды тәрбиелеп шығу және қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту-бүгінгі аға буынның басты міндеттері деп қонақтарымыз өздерінің жастарға деген кеңестерін айтты.Форум барысында #37 ЖОББМ, #44 мектеп-гимназиясының оқушылары “Адал ұрпақ” қойылымдарын қойып, өнерлерін көрсетті. Бабалардың адалдығын үлгі тұтқан, Жалындаған Адал ұрпақ біз боламыз деп Е. Хасанғалиевтің “Атамекен” әнімен аяқталды.