Ғасырымыздың ғұлама қаламгері М.Әуезовтың «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса ел болғаның қайсы?» Осы үздік ой жетегінде ең алдымен ұрпақ тәрбиесінде ойып тұрып орын алатын ардагер ұстаздарымызға бас иеміз.
Ардагер ұстаз Сейтимова Ләззат Ғалымқызының Оқушылар сарайына алғыс-арнауы:
Тәрбие беріп салмақты,
Білім де беріп жан-жақты.
Баланың қамын ойлаған,
Шуақ шашар маңайы
Ол-“Оқушылар сарайы’’!
Қолөнер,спорт,өнер де-
Елеусіз ешбір қалмаған,
Балапан жас шәкіртті
Баулудан еш тамаған,
Күндей нұрлы маңайы
Ол-“Оқушылар сарайы”!
Ұстаздары білімді,
Еңбектері өнімді.
Шәкірттері шетінен
Өнерсүйгіш, көңілді,
Бала бақыт сарайы
Бола берсін өмірлі!