Оқушылар сарайы - тұтас бір әлем, сан қырлы, жарқын, орасан зор және баршаға ашық. Бүгін осы білім мен өнер әлеміне “Республикалық оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталығы” РМҚК директоры Раиса Петровна Шер келді. Оқушылар сарайының жұлдыз болып жарқыраған балалары мен шығармашыл мамандары ән-шашуымен қарсы алды. Раиса Петровна балаларға арналған барлық үйірмелердің тыныс-тіршілігімен танысты. Спорт, бассейн бөлімдері, робототехника, өнер-шағармашылық бөлімдері мен дебат, BalaTime, гүлзар өздерінің жұмыстары мен жеткен жетістіктерін атап өтті. Балалармен жұмыстың жоғары деңгейде екенін, әр баланың көзінде қуаныш сезімін көруге болатынын, Оқушылар сарайының ұжымын креативті екенін айтып, өз алғысын білдірді. “Дорогие коллеги! От всей души благодарю всех вас за ваш энтузиазм, за ваше творчество и желание помочь нашим детям стать успешными и счастливыми. Ваш Дворец- уникальный центр детского творчества, очень красивый и многофункциональный. Накануне Дня Учителя желаю всем вам здоровья, успехов, новых креативных идей и процветания Вашему коллективу взрослых и детей”-деп Раиса Петровна өзінің тілегін қолтаңбалар кітапшасында қалдырды.