“Батыс Қазақстан облысы қауіпсіз жолдар“ жобасы аясында МОБИЛЬДІ АЛАҢ

Батыс Қазақстан облысында алғаш рет Shell, Eni, EASST орталықтарының демеушілігімен Оқушылар сарайында “Батыс Қазақстан облысы қауіпсіз жолдар“ жобасы аясында МОБИЛЬДІ АЛАҢ ашылған болатын. Мақсаты: Жол қозғалысы қауіпсіздігінің сақталуын насихаттау және жол ережелері туралы балалардың сауаттылығын арттыру.

Осы орайда бүгін мобильді алаңның жұмысымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілі полиция подполковнигі А.Боранова, БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Е.Султангалиев шолу жасап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында қаланың барлық мектептерінде «Жас жол инспекторлары» топтары құрылып, жұмыс атқаруда. Осы жұмысты қаланың #41 және #46 мектептің жас жол инспекторлары көрсетті. Сонымен қатар мобильді алаңның толықтай жұмысы таныстырылды.

 

Сегодня 22

Вчера 41

На этой неделе 181

В этом месяце 902

Всего 18688

Kubik-Rubik Joomla! Extensions