13 наурыз күні Астана қаласының «Sana» жаңа буын орталығында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Т. К. Дүйсенованың қатысуымен «Қосымша білім беру орталықтарының үздік кейстері» республикалық семинары өтті.
Семинарға облыстар әкімдерінің орынбасарлары, білім басқармаларының басшылары, қосымша білім беру орталықтарының директорлары және жеке инвесторлар қатысты.
Семинар бағдарламасы 3 бөлінен тұрді: ЭКСКУРСИЯ, КӨРМЕ-ТҰСАУКЕСЕРІ және ҮЗДІК КЕЙСТЕРДІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
((PECHAKUCHA ФОРМАТЫ). Үздіктердің үздігі жиналған семинарда БҚО, Орал қаласының көркі Оқушылар сарайының бағыт-бағдарлары, атқарылып жатқан жұмыстары және жеткен жетістіктері мен болашаққа жоспарларын Оқушылар сарайының директоры Сисенова Шолпан Сериккалиевна ҮЗДІК КЕЙСТЕРДІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ (PECHAKUCHA ФОРМАТЫ) бойынша «Шаһар шырайы-Оқушылар сарайы» тақырыбымен республикаға паш етті.