Совместная декада предметно-технического отдела и центра хай-тек

В целях реализации программной статьи Главы государства Н.Назарбаева «Взгляд в будущее:модернизация общественного сознания», пробуждения национального сознания у учащихся, развития трехязычия, формирования талантливой личности по научно-техническим и предметным направлениям 26 февраля 2019 года во Дворце школьников в 26 ақпан  2019 жылы  Оқушылар сарайында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, үштілділікті дамыту, ғылыми-техникалық  және пәндік салалар бойынша дарынды тұлғаны қалыптастыру мақсатында пәндік-техникалық және хай-тек  бөлімдері бірлескен «Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ» атты әдістемелік күндердің   ашылу салтанаты оздырылды.  

Шараға Оқушылар сарайының ұстаздары, білім алушылары мен ата-аналар қатысты. Салтанатты шара «Компьютерлік сауаттылық» және «Математика және логика» үйірмелері жас жеткіншектерінің «Гүлдер» биімен ашылды. 

Шарада пәндік-техникалық бөлімнің үштілділік бағытындағы, физика-математика, экономика бағытындағы, өлкетану, мамандыққа қадам және басқа да үйірмелердің, хай-тек бөліміндегі химия-биология, IT технология, компьютерлік сауаттылық, программалау және  робототехника бағытындағы үйірмелердің жұмыстары таныстырылды. 

«Тілашар», «Ағылшын», «Ғибрат» үйірмелерінің білім алушылары тіл туралы  үш тілде өлеңдер оқыды. «Домбыра» үйірмесінің өнерпаздары «Қосалқа» күйін орындап, «Ағылшын» үйірмесінің  білім алушылары  флешмоб билеп, керемет өнерлерін көрсетті.

Сегодня 0

Вчера 33

На этой неделе 192

В этом месяце 913

Всего 18699

Kubik-Rubik Joomla! Extensions