«RoboLand 2024» атты IX Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің іріктеу кезеңі өткізілді

15 ақпан күні Орал қаласының білім беру бөлімі мен Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «RoboLand 2024» атты IX Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің іріктеу кезеңі өткізілді. Бұл – Қазақстандағы техникалық шығармашылық пен жаңа технологиялардың ең ірі робототехнологиялық жобаларының бірі.

Байқау қызықты және әсерлі 16 номинациядан тұрады. Биыл байқауға балалар мен жасөспірімдерден бөлек педагогтер де қатысып, RobolandKazakhstan аталымында өз өнерлерін көрсетеді. Фестивалдің қорытындысы бойынша Оқушылар сарайының командасы:

1) “Биатлон” категориясы бойынша жүлделі І орын Асхатұлы Төрехан, Габдуллин Райымбек

2) “Теңге алу” категориясы бойынша жүлделі ІI орын Зекенов Ансар, Жаукен Ансар (жетекшісі Н.М.Қырыбаев);

3) “Сумо” категориясы бойынша жүлделі І орын Отархосов Ерасыл, Төребек Ертөре (жетекшісі А.Х.Мергенбаева);

4) “Кегельринг-Квадро Х2” категориясы бойынша Алғыс хат Насыр Нұрәділ, Халимуллин Алтынбек (жетекшісі А.Х.Мергенбаева);

5) “Робот құрастыру-1” категориясы бойынша жүлделі І орын Абилхайр Ахмедияр, Умбеталиев Нариман (жетекшісі Н.Р.Маулешов);

6) “Робот құрастыру-2”, категориясы бойынша жүлделі І орын Тулегенов Акниет, Сами Абылай (жетекшісі Н.Р.Маулешов);

7) “Шығармашылық” категориясы бойынша жүлделі ІІ орын Алямсков Артем, Гайсин Иса (жетекшісі Л.А.Губайдуллина);

Сегодня 1

Вчера 33

На этой неделе 193

В этом месяце 914

Всего 18700

Kubik-Rubik Joomla! Extensions