«Өлеңі - өнер мен өмір» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті

9 ақпан күні Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен қазақ халқының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай қалалық «Өлеңі - өнер мен өмір» атты ақын шығармаларын әдеби образдар арқылы мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Ұлы тұлғаларды ұлықтап, Мұқағали Мақатаевтың мұрасын насихаттау, ұлы ақынның шығармалары арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп жас таланттарды тануды мақсат еткен байқауға 1,2,4,5,7,10,12,19,20,21,27,29,33,34,36,37,38,41,42,43,44,46,47,49,50, Вальдорв бағытындағы мектеп-гимназиясы және Оқушылар сарайының оқушылары қатысты.

Байқауда ақынның “Ақ қайың әні”, “Ғашықпын”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Болашаққа арыз жазып кетейін”, “Өмір сүрейік алмасып”, “Бақыт деген не өзі?”, Моцарт “Жан азасы”, “Менен сұра”, “Райымбек, Райымбек поэмасы”, “Бүгін менің туған күнім”, “Шәмілге жазған хаттардан”, “Шеше, сен бақыттысың”, “Соғыстың соңғы көктемі”, “Туған ел”, “Ақпан”, “Бесік басында”, “Табыт үні”, “Халық үні”, “Жесірлер үні”, “Жетімдер үні” шығармалары орындалып, әдеби образдармен сомдалды.

Байқау нәтижесінде Оқушылар сарайының “Қылқалам” үйірмесінің оқушылары қатысып, қалалық білім беру бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды. Жетекшісі: Сариева Бану Жауынбаевна.

Сегодня 0

Вчера 33

На этой неделе 192

В этом месяце 913

Всего 18699

Kubik-Rubik Joomla! Extensions