🔹”20 қараша-дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір” атты 15 қарашан бастап 25 қараша аралығында онкүндік өтіп жатыр.
🔹”Балалық шақты бірге қорғайық” іс-шара аясында Оқушылар сарайы “Мейірімді жүрек” акциясын ұйымдастырды. Акцияға барлық үйірменің ата-аналары, оқушылар және жетекшілері белсене қатысты.
🔹Акцияның мақсаты: жас ұрпақты адамгершілік қасиеттер мен мейірімділікке, жанашырлыққа, көмекке келуге, қамқор болуға тәрбиелеу.
🔹Жиналған жөргектер “Мейірім” облыстық мамандандырылған бөбектер үйіне тапсырылды.
🔹Барлық қолдау білдірген Оқушылар сарайының ата-аналарына алғысымыз шексіз. Игі істеріңіз жалғасын тауып, әлемді нұрландыра беріңіздер.