2023 жылдың 4 қарашасы
Оқушылар сарайында Педагогикалық кеңес!
Тақырыбы: «ҚББ педагогтарының кәсіби құзыреттілігін дамытудың жолдары»
Күн тәртібінде:
1. «Озат педагогикалық тәжірибелер»
/тәжірибелі педагогтар мен жас педагогтардың жұмыстарымен тәжірибе алмасу/
Бұл бөлімде ҚББ педагогтары Хайруллин Д.С, Рахимжанова С.Г, Рыскалиева Қ.Б, Кумаргалиева Г.К, Бергалиева Г.К, Наурыз Е.Е, Айтжанов Н.Б, Ержан А.Т, Жалмұқан Е.А, Киматова Г.Т, Каримгалиев А.К. өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, үштік одақ ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы сәтті жұмыстарын көрсетті.
2. «Құзыреттілік – педагогтың кәсіби маңызды сапасы» топтық жұмыс болды.
І топ: пәндік –техникалық бағыты;
ІІ топ: қоғамдық-әлеуметтік бағыты;
ІІІ топ: өнер –шығармашылық бағыты;
ІV топ: спорт және бассейн бағыты
3. Рефлексияда барлық бағыт бойынша ҚББ педагогтары кері байланыстарын жасады.
ІІ бөлім: «Оқу стандартының орындалуы» атты бұл бөлімде директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Кенжегарина Г.А. оқушылардың қозғалысы, үйірмелердің жүргізілуі мен педагогтардың сапалық құрамы және педагогтар мен оқушылардың жетістіктеріне тоқталды.
ІІІ бөлім: «Қорытындылау. Кері байланыс» бөлімінде Оқушылар сарайының директоры Шолпан Сериккалиевна педагогикалық кеңесте қозғалған мәселелердің тиімді тұстары мен педагогтардың шеберліктеріне оң баға беріп, алдағы жоспармен таныстырды.