25 қазан

21 қазан күні “Айналдым сенен-Атамекенім!” атты Республика күніне орай ұйымдастырылған онкүндіктің қорытынды марапаттау салтанаты мен мерекелік шара өтті. Шара барысында “ORTAQ IS CUP 1” қалалық пікірсайыс турнирі, белсенді орта жобасы аясында өткен “Қазақша Quiz”, сарайішілік Республика күніне орай поэзия мен сурет байқауларының жеңімпаздары және СПОРТ сайыстарының жеңімпаздары дипломдармен марапатталды. Шара барысында “Bеl Cantо”, “Қорған” вокал топтары, “Алаш” би ансамблі, Оқушылар сарайының домбыра үйірмесінің оқушылары, поэзия жеңімпаздары және “BalaTime” үйірмесінің оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Республика күні қарсаңында жаңа “Ақжайық leaders” жобасы таныстырылып, жобаға қатысатын оқушыларға алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, барлық ұжым мүшелерін, ата-аналарды, оқушыларды ұлттық мерекемен Оқушылар сарайының директоры Сисенова Шолпан Сериккалиевна құттықтады. Шара соңы бірыңғай Е.Хасанғалиевтің “Атамекен” әнін орындаумен аяқталды.

Сегодня 106

Вчера 51

На этой неделе 328

В этом месяце 917

Всего 32557

Kubik-Rubik Joomla! Extensions