Жұлдызды тандем

Оқушылар сарайында Ұстаздар күніне орай “Жұлдызды тандем” ұйымдастырылды. Тандемнің бір ерекшелігі әр түрлі бағытта жұмыстанатын мұғалімдерді біріктіре отырып, жас маман мен тәжірибелі ұстаз арасындағы шығармашылық пен өнерлерін көрсету болды. Барлық педагогтардан керемет тандем шықты. Әр педагогты жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген бұл шарада таңғалдырған жұптар да болды. “Жұлдызды тандемнің” барлық қатысушылары сыйлықтармен марапатталды. Кеш соңында ұстаздар күніне орай жетістікке жеткен, оқушыларының үздік жұмыстарын көрсете білген ұстаздарымызға қалалық білім беру бөлімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

Сегодня 0

Вчера 133

На этой неделе 163

В этом месяце 223

Всего 40302

Kubik-Rubik Joomla! Extensions