«Ана бақыты-бала бақыты» атты шығармашылыққа бағытталған шеберлік сағаты

8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Оқушылар сарайында «Ана бақыты-бала бақыты» атты шығармашылыққа бағытталған шеберлік сағаты өтті.

Ана-адамзат иелік ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам. Үйірме оқушыларының аналарына арналған бұл шараның мақсаты- Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналардың шығармашылық уақытын ұйымдастыру, өз қолдарымен қолөнер бұйымдарын жасау.

Шара барысында Оқушылар сарайының директоры Шолпан Сериккалиевна аналарды төл мерекелерімен құттықтады. Педагог-психолог Сариева Б.Ж. аналарға арналған тренинг ұйымдастырды. «Шебер қолдар», «Умелые ручки», «Маленькая фея» үйірме жетекшілері шеберлік сағатын өткізді.

Сегодня 22

Вчера 41

На этой неделе 181

В этом месяце 902

Всего 18688

Kubik-Rubik Joomla! Extensions