17 наурыз сағат 10:00-де 169 кабинетте Р.Н.Есниязовтың жетекшілігімен «Кошка-морковка» тақырыбында сарамандық жұмыс ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың бойында сазбен мүсіндеуге деген қызығушылықты ояту, қолданылатын материал жөнінде мәлімет бере отырып, оқушылардың қиялын, өз бетімен жұмыс жасау қабілетін дамыту. Сабақ барысында мұғалім алдымен оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті, сонан соң оқушыларға тақырып түсіндірілді. Оқушылар саздан мысықтың түрлі позициялардағы бейнесін жасады. Оқушылар сабаққа үлкен қызығушылықпен қатысты.