«Мүсіндеу» үйірмесі тәрбиеленушілерінің «Кошка-морковка» тақырыбындағы сарамандық жұмысы

17 наурыз сағат 10:00-де 169 кабинетте Р.Н.Есниязовтың жетекшілігімен «Кошка-морковка» тақырыбында сарамандық жұмыс ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың бойында сазбен мүсіндеуге деген қызығушылықты ояту, қолданылатын материал жөнінде мәлімет бере отырып, оқушылардың қиялын, өз бетімен жұмыс жасау қабілетін дамыту. Сабақ барысында мұғалім алдымен оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті, сонан соң оқушыларға тақырып түсіндірілді. Оқушылар саздан мысықтың түрлі позициялардағы бейнесін жасады. Оқушылар сабаққа үлкен қызығушылықпен қатысты.

Today 33

Yesterday 41

This week 192

This month 913

All 18699

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска