Үздік шәкірттерді бағалы сыйлықтармен марапаттады

🔹«Жұлдызды сарайдың 7 шыңы» шығармашылық кешінде Халықаралық, республикалық додаларда БҚО атын асқақтатып, «Оқушылар сарайының» мәртебесін биіктетіп, жұлдыз болған, биік шыңды бағындырған Оқушылар сарайының бірнеше шәкірттері демеушілеріміздің қолдауымен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

🔹Жетістікке жеткен спорт майталмандары, үздік пікірсайысшылар, халықаралық жарыста үздік атанған оқушыларды қолдап, жас буынға сенім артып, жетістікке жету жолында олардың еңбегін бағалай білген демеушілерге деген алғысымыз шексіз!