Қалалық білім беру бөлімінің «Өзіңнен баста! Начни с себя!» акциясы аясында оздырылған «Үйірмелер әлеміне саяхат» танымдық алаңы

2020 жылдың 23 қазан күні Орал қаласының білім беру бөлімінің «Өзіңнен баста!» жобасы аясында Оқушылар сарайында жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және Сарайдың үйірме жұмыстарымен қамту мақсатында «Үйірмелер әлеміне саяхат» танымдық сағаты оздырылды. Шара барысында «Танысу», «Кім тапқыр?» сергіту сәтімен басталып, Сарайдың жұмыс бағыттары мен үйірме жұмыстарына экскурсия жасалды.
Балалармен бірлесіп «Абайлаңыз,балалар!», «Саз балшықтан мүсіндер жасау» , «Акробатиканың әдіс-тәсілдері» шеберлік сыныптары өткізілді. Шара соңында белсенді қатысқан балаларға алғыс хат табысталып, ата-аналар балаларымен бірге флешмоб билеп, "Алған әсеріңіз қандай?" рефлексия арқылы өз ойларымен бөлісіп, алғыстарын білдірді.