Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 27-28 ақпан күндері аралығында Петропавл қаласының Оқушылар сарайы «DIGITAL URPAQ» білім беру мекемесінде әлеуметтік- педагогикалық бағытта қосымша білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтеріне арналған «Қосымша білім берудегі ІТ: дәстүрлі әдістерден инновациялық тәжірибеге дейін» тақырыбында Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Республиканың қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері қатысқан үйлестіру кеңесінің отырысына «Оқушылар сарайының» директоры Сисенова Шолпан Сериккалиевна мен директордың орынбасары Дәулетова Сабина Серікқызы қатысып, инновациялық бағытта іс- тәжірибе алмасты.
Іс-шара барысында қатысушыларға қосымша білім беруді IT саласына басымдық беру арқылы дамытудың әдіс-тәсілдері мен цифрландырудың маңыздылығын арттыру арқылы оқу үдерісінің дамуындағы оң ықпалын көрсете білді.
Бағдарлама аясында спикерлер инновациялық оқыту әдістері мен цифрлық технологиялардың қосымша білім беруді дамытудағы аса маңызды көрсеткіштерімен бөлісті, жасанды интеллект арқылы мәселелердің шешу жолдарын ұсынды. «DIGITAL URPAQ» Оқушылар сарайы бағдарламаға сәйкес оқушылардың жұмыстарын тренинг, шеберлік сынып, демонстрациялық сабақ, креативті лаборатория, IT саласын үйірме жұмыстарына кіріктіру арқылы жаңа бағыт пен жаңа идеяларды ұсына білді.
Осындай республикалық үйлестіру кеңесін жоғары деңгейде ұйымдастырған Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен «DIGITAL URPAQ» Оқушылар сарайының ұжымына үлкен алғысымызды білдіреміз.