2025 жылдың 6 наурыз күні “Оқушылар сарайы” МКҚК-да «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза Қазақстан- өзімнен басталады» атты экологиялық бағытта ашық тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экология мен тазалыққа деген жауапкершілікті арттыру. Табиғатқа мейірімді болу арқылы жарқын болашаққа таза ұлт болып қалыптасу, патриотттық сезімді ұялату.
Экологиялық тәрбие сағатына үйірме оқушылары мен меморандум аясында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің бірінші курс студенттері қатысты. “Green lab” мен “Эко-Startup” үйірме жетекшілері Каберова Замзагүл Файзоллақызы мен Кажымуратова Жаннат Санкібайқызы оқушылардың бойына табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, еңбекке баулу қағидаларын үйрете білді. Оқушылар тәрбие сағатының соңында кері байланыс жасап, табиғатқа байланысты өзекті мәселелер бойынша ой бөлісті.