6-7 қараша күні «Debat Eli» қоғамдық қоры мен «Оқушылар сарайы» МКҚК ұйымдастыруымен дебат жетекшілеріне арналған «ORAL OPEN» семинар-тренингі өтті. Семинар барысында төрешіліктін негізі және мектептегі дебат клубымен жұмыстану туралы ақпараттар берілді. Семинарды жүргізуші Астана қаласы «Дебат елі» тренері, Республикалық турнирлердің төрешісі – Әділжанұлы Бекзат.
Семинар-тренингке Облыстық дебат координаторы, қалалық дебат координаторы және дебат жетекшілер қатысты. Қатысушыларға төрешілік семинарынан өткенін растайтын сертификаттар табысталды.
Қалалық мектеп оқушыларына арналған семинар-тренинг және турнир өткізілді.
1 күні: Семинарға қалалық мектептерінен 56 пікірсайысшы қатысты. Семинар барысында дебат форматтарының ерекшеліктері түсіндірілді және курстан өткендігін растайтын сертификаттар табысталды.
2 күні: 28 команданы қамтыған Британдық парламенттік форматымен турнир ұйымдастырылды. Іріктеу раундтарында ашық төрешілік болып, төрешінің кері байланысы берілді.
🏆Турнир қортындысы бойынша:
🥇1 орын - “Ақниет” фракциясы Кубашева Айзере, Сундетова Каламкас
🥈2 орын - «BRATZ» фракциясы Есполқызы Айша, Салимгерейқызы Сумайя
🥉3 орын – «Ashina» фракциясы Айболат Гүлім, Тұрақ Ерқанат
🏅Финалист - «125 High School» фракциясы Давлетов Дарын, Бауыржан Еркеназ
🎖️«Үздік спикер» - Кубашева Айзере
🎖️«Үздік төреші» - Букенбай Сымбат
Барлық жеңімпаздар диплом мен кубоктармен марапатталды.