«Мақашева театр шеберханасы» ашылды

Орал қаласының білім беру бөлімінің «Оқушылар сарайы» МКҚК-нында Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының актрисасы, Қырғыз Республикасының «Jeti Oguz жұлдыздары-2019» IV халықаралық фестивальдің «Актерлік шеберлік» номинациясы бойынша Гран-При иегері, ҚР мәдениет саласының үздігі, аудармашы, Эльмира Жұмажанқызының балалар мен жасөспірімдерге арналған «Мақашева театр шеберханасы» ашылды.

Шеберхананың ашылу салтанатында сарай директоры Шолпан Серікқалиқызы сөз алып, қонақтарға қош келдің айтып, Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының негізін қалаушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актриса Бақытгүл Хабиқызы Жақыпова мен театр негізін қалаушы өнерпаз Нұрдәулет Жолдығали жасады. Шеберхана ішінде балалардың өнер көрсеткен картиналары ілінген, шеберхана ортасында балалар мен жасөспірімдер қойылым қою үшін сахна орналасқан. Арнайы ашылған бұл шеберханада өнерпаздар актерлық шеберліктен білім алып, өнер жолынан үлгі өнеге алады.

25 қазандағы Республика күніне орай және шеберхананың ашылуына орай жаңа IV-шы маусым «Ауыл иті Ақбай» (авт.: Т.Минуллин) қойылымымен ашылды. Қойылым біткен соң ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актриса Бақытгүл Жақыпова және облыстық «Самал» балалар газетінің бас редакторы Жұмажан Сүндетов ағамыз құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар шараға шақырылған қонақтар  «Атамекен» өнер ордасының директоры Бауыржан Халиолла алдын ала згі тілегін білдіріп, сәттілік жолдады. Сонымен қатар Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының актеры, ҚР мәдениет саласының үздігі Айдар Жарылғапов қойылымды тамашалап өнерпаздарға алғысын білдіріп, естелік суретке түсті.

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Ендеше жас өнерпаздардың «Өнер жолында да, өмір жолында да бақтарың жансын» деп тілейміз.