Мұқағали Мақатаевтың туған күні

2025 жылдың 8 ақпан күні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай мұрасын насихаттап, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету мақсатында “Мен өмірді жырлау үшін келгенмін” қалалық білім беру бөлімінің қолдауымен сарайішілік байқау өтті.
Байқауға барлық бөлімнен 14 педагог, 22 оқушы қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Шара барысында Мұқағали ақынның “Дос болам десең”, “Досым, саған сенемін”, “Пай, пай өмір”, “Үш бақытым”, “Ей өмір”, “Бақыт деген не өзі”, “Өмір жайлы”, “Апырмай, туған жер-ай”, “Қазақ жері”, “Қара өлең”, “Сәби ана”, “Жас қайың”, “Отан туралы”, “Мен деп ойла”, “Анашым”, “Сенің көзің” өлеңдері мен өлең сөздеріне жазылған әндері сахна төрінде орындалды.
Ақын шығармаларын орындау байқауына қазылық еткен Оқушылар сарайы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Кенжегарина, ардагер ұстаз, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ләззат Ғалымқызы және Дина Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебінің оқытушысы Р.Ж.Имангалиева
бағалап, үздік деп танылған қатысушыларды қалалық білім беру бөлімнің дипломдарымен және “Оқушылар сарайының” алғыс хатымен марапаттады.