“ORATORS CUP” атты пікірсайыс турнирі

Қалалық мектептер арасында “ORATORS CUP” атты пікірсайыс турнирі өтті.
Турнир WSDC форматы бойынша өткізілді. Қатысушы фракция саны: 14, спикер саны: 42 оқушылар қатысты. Турнир 3 іріктеу кезеңі және ширек финал, жартылай финал, финал кезеңдері бойынша жүргізілді.
Ойын қортындысы бойынша:
1 орын: «505 not found» фракциясы, (№34 МГ)
2 орын: «Abyroi» фракциясы, (Abyroi school)
3 орын: «M.A.D.» фракциясы, (ГЭН)
3 орын: «Ақниет» фракциясы, (№42 МГ)
«Үздік спикер»: Амангельдина Асемгуль (№35 МЛ) жеңімпаз атанды.
«Үздік аналитик»: Габдушева Аида (№34 МГ) аталымымен марапатталды.
«American Corner Oral» демеушілігімен, жеңімпаздарға кубок, медаль және бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай ақ, жеңімпаздарға қалалық білім бөлімінің арнайы дипломымен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама берілді.
Төрешілік қызмет көрсеткені үшін «Ақиқат ЖҚБ» пікірталас орталығына алғысымызды білдіреміз!
Жеңімпаздарды шың жүректен құттықтаймыз!