“Тәжірибе мен теорияны біріктіру: қосымша білім беруде тиімді әдістер” атты семинары

Бүгін 24 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының “Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығының” жұмыс жоспарына сәйкес Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен “Тәжірибе мен теорияны біріктіру: қосымша білім беруде тиімді әдістер” тақырыбында педагогикалық CROWDSOURCING семинары өтті.
Семинар барысы Event-party бастапқы брифингпен басталып, “Жұлдызды сарайдың 7 шыңы” мерекелік өнер шашуымен, Пленарлық бөлім, “Көшпенділер ойындары” ұлттық ойындар клубының жұмысы, “Work shop” алаңдары, “Қазақша QUIZ “ интеллектуалдық ойынымен жалғасын тапты. Соңы “Feedback” рефлексиямен қорытыланды.