🔹Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы Орал қаласы білім беру бөлімінің «Оқушылар сарайы» МКҚК 2017 жылы өз жұмысын бастап, алғашқы шәкірттерін үйірмелерге қабылдаған еді. 7 жылды толық толтырып, мерейлі жасын атап өту мақсатында 2025 жылдың 11 қаңтар күні «Атамекен» өнер ордасында шығармашылық концертін көрерменге паш етті. «Жұлдызды сарайдың 7 шыңы» деген атаумен өткен мерекелік концертке «Оқушылар сарайының» барлық үйірме оқушылары қатысты.
🔹Концерттік бағдарламада «Алаш» би тобы, «BelCanto», «Шабыт», «Дала дарындары» вокалды топтары, «Мақашева» театры, «Атамұра», «Арт мажор», «Қос ішек» домбыра үйірмесінің оқушылары және Спорттың чемпиондары мен «ЭтноStileOS» сән көрсетілімі өнерлерін көрсетті.
🔹Мерекелік концертке БҚО білім басқармасының басшысы Елдос Набиоллаұлы Сафуллин, Қалалық білім беру бөлімінің меңгерушілері, қала мектептерінің директорлары, тәлімгерлері, мектеп парламентінің оқушылары және «Оқушылар сарайы» шәкірттерінің ата-аналары мен демеуші болған кәсіпкерлер қатысты. «Атамекен» өнер ордасы лық толы болып, концерт жоғары деңгейде өтіп, көрермендер тарапынан ыстық ықыласқа ие болды.