♦️ 28 қараша күні Оқушылар сарайының жас мамандарына арналған «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» атты отырыс өтті.
♦️ Мақсаты: Жас мамандардың кәсіби шеберлігін қалыптастыру мен кәсіби бейімділіктерін дамыту, бір-бірімен жақын қарым-қатынас орнату, өзін-өзі тануға көмек көрсету.
♦️ Жиын барысында жас мамандармен жүргізілетін жұмыстың ерекшелігі туралы алғы сөз айтып, сарайымыздың директоры Ш.С.Сисенова жас мамандарға сәттілік тіледі. Артынша «Қуыршақ терапиясы», «Жер сілкінісі» және «Жүрек жылуы» аты тренингтер өткізілді. Жас мамандар мектебінің биылғы оқу жылына жоспарланған іс-шаралардың жүру барысы мен педагогтардың шығармашылық, кәсіби дамуындағы жетістіктері атап өтілді.
♦️ Келесі жас мамандар отырысына Санжар Керімбайдың «Қуыскеуде» кітабын жаппай оқуға ұсыныс жасалды.