“Оқушылар Сарайы” МКҚК және “USTEM Foundation” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, “Дарын” орталығының қолдауымен Батыс Қазақстан Облысының мектеп оқушыларына арналған, Жылдың ең жарқын және шабыттандыратын оқиғаларының бірі “JAIQ FIRST Championship” Робототехника олимпиадасы өткізілді!
Олимпиада барысында командалар жаңа сынақтардан өтіп, тың идеялар мен командалық жұмыс көрсетті. Әрбір қатысушы таңғажайып жобаларға үлес қосты, олар тек білім мен дағдыларды сынауға ғана емес, сонымен қатар командалық рух пен адалдықты басты мақсат етті.
Олимпиада қорытындысы бойынша Астана қаласында өтетін Финалдық бәсекеге 2 команда Орталық Азия Чемпионтына жолдама алса, қалған қатысушы командалар Ақтау қаласында өтетін “Batys Liga FLL” іріктеу кезеңіне жолдама алды.
Барлық Жеңімпаздарды құттықтаймыз!