Бүгін Оқушылар сарайында 2024-2025 оқу жылының басталуына орай ата-аналар мен оқушыларға ашық есік күні өтті. Мақсаты: Оқушылар сарайымен таныстыра отырып, бала білімі мен тәрбиесіндегі үйірме жұмыстары туралы ата-ана көзқарасын кеңейту.
”Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында қыркүйек айының екінші жексенбісі “Отбасы күніне” орай ұйымдастырылған бұл шараға Оқушылар сарайының 5 бағыты бойынша 100 үйірменің ата-аналары қатысты.
Шараның I бөлімінде ата-аналарға қызықты тренингтер, сергіту билері мен тимбилдинг өтті. БҚО Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры О. А Ибрайымов және Орал қаласы Полиция басқармасы патрульдiк полиция батальонынан келген бір топ мамандармен балаларға “Бала мен бағдаршам” жол қауіпсіздігінен воркшоп өткізді.
II бөлімде ата-аналар үйірме жетекшілерімен кездесіп, үйірме жұмыстары туралы толық мағлұматтар алды. Оқушылар сарайының тыныс-тіршілігімен танысып, үйірме жұмыстарының шеберлік сағаттарына қатысқан ата-аналар өз алғыстарын білдірді.