🌞🌞🌞"2022 жыл-Балалар жылы!"🌞🌞🌞

🌺"BalaLand" жазғы демалыс орталығының екінші ауысымының үшінші күні "Абардажға" ұранымен өтті. Таңертең фотосессиядан және "Шытырман оқиғалар іздеуде" екінші ауысымның ресми ашылуынан басталды . Әр топ өзінің таныстыру визиткасын көрсетті және әрі қарай "BalaStars"таланттар шоуы өтті. Байқау 6 аталым бойынша өтті: ән, би, спорт, мәнерлеп оқу, сурет және аспаптық өнер. 28 бала қатысты.

Жеңімпаздар:

Ән байқауы – 2 топ -Даниярқызы Інжу.

Би байқауы – 1 топ - Нұрланова Этель.

Спорт-талант (гимнастика) – 2 топ - Алтайқызы Аяулым.

Спорт-талант  – 2 топ – Жұмағерей Дарын, Берікқалиев Мердан, Құбаев Батыржан.

Мәнерлеп оқу – 4 топ - Болат Айдария.

Сурет байқауы – 1 топ - Майранова Хадиша.

Аспаптық өнер – 5 топ - Елеусіз Райхан.

Күннің екінші ірі оқиғасы "Қарақшылардың қара нарығы" экономикалық ойыны болды. Барлық балалар екі рөлге бөлінді - біріншісі саудагерлер, ал екіншісі сатып алушылар болды. Бұл ойынға барлығы ең жарқын ықыласпен дайындалды, балалар іскерлік ойлауды үйренді, маркетингтік қадам жасауды үйренді, клиенттермен ортақ тіл тауып,  ақша тапты. Ойын бір сағат ішінде өтті. Ойын келесі қызметтерді ұсынды: тырнақ қызметі, шаштараз, массаж, жеткізу, дартс, теңіз шайқасы, ойыншықтар мен балықтарды сату, қарақшылармен суретке түсіру және тағы басқалар. Бір сағат бойы балалардың көңілді дауысы болды. Балалардың қиялы шексіз және 2 топ жеңімпаз атанды - "Дельфин". Олар 340 доллар жинады. Бұл үлкен саяхаттың бастамасы ғана.