«Балалэнд» кораблінің теңіз саяхаты

«Балалэнд» кораблінің теңіз саяхатының 4 күні Х. Бөкеева атындағы қазақ драма театрының "Мадагаскар" ертегі еліне үлкен сапардан басталды. Балалар "Мадагаскар" мультфильмінің барлық кейіпкерлерін көріп, осы аралдың көңілді атмосферасына еніп кетті. Одан әрі біз Батыс Қазақстан облысының өлкетану мұражайына келіп, еліміздің тарихына жақындай түстік. Ежелгі әлемнің экспонаттарымен танысып, біздің облыста тұратын халықтар туралы ақпарат алып, балалар облыстың тарихы туралы білімдерін жетілдірді.

Күннің екінші бөлімінде бізде "Балалэнд» кемесінің Мисс және Мистері" байқауы 3 тур бойынша өтті: танысу, шығармашылық және дефиле. Балалар бізді өз өнерімен танғалдырды: гимнастика, би, мәнерлеп оқу, әндер, рубик  текшесін жинау және пластилинмен жұмыс. Ал дефиле қандай болды!  Балалар Нептун, матростар, су перісі, теңізші Синдбад, қарақшылар, періштелер, заманауи сән және кешкі көйлектер көрсетті. Жеңімпаздар  - Қадырбаев Назар және Базарбаева Дильда- 1 топтың үздіктері болды. Тәлімгерлер: Каукеева Ж. және Алгалиева Г.