Жасы: 6-15 жас/лет
Бағасы: 1 АЕК (3063 тг)
Мұғалімдердің аты-жөні: Каширин Виталий Владимирович
Оқыту тілі:
Сипаттамасы: Шахмат ойыны –балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Шахматқа үйретудің алғашқы баспалдақтарын көрсету- балаларды кеңістікке бағдарлай алу қабілетін дамытуға, ойлаудың аналитикалық-синтетикалық жолдарын, ой тұжырымдарын жасау, есте сақтау, қорытынды жасай алу қабілетін, іс-әрекетін болжауды дамытуға көмектеседі.Ол оқушылардың аз уақытта ойларын шоғырландыруына, жүйелеуге, туған жағдаятты сараптауға және шешім шығаруға үйретеді және алдына қойған мақсатына жетуге, төзімділікке тәрбиелейді. Адамның ойлау жүйесін дамыта түсуде математиканың маңызы зор. Ал шахмат ойыны математикамен тығыз байланысты. Математикалық білімді көтеруде шахмат ойынына үлкен мән беріледі.