Жасы: 6 лет/жастан жоғары
Бағасы: 1 АЕК (3063 тг)
Мұғалімдердің аты-жөні: Насипкалиев Куанышкали Максутович Пед.стаж - 37 лет/жыл педагог-модератор
Оқыту тілі:
Сипаттамасы: Акробатика – әмбебап, әдемі әрі өте пайдалы, бастысы қол жетімді спорт түрі. Акробатика – баланың артық энергиясын жұмсауға таптырмас тәсіл. Бұл – басқа спорт түрлерімен салыстырғанда көп күш талап етеді. Үйірменің мақсаты: оқушының жеке тұлғалық-гармониялық қабілетін дамытуға көмектесу, күш қабілетін дамытып жетілдіру, балалардың дене дамуы мен денсаулығын жетілдіруге атсалысу, сондай-ақ дене және ақыл-ой қызметін арттыру. Қазіргі кездегі негізгі қажеттілік - денсаулық мәселесі. Денсаулықты нығайтудың бірден-бір кепілі - спорт. Спорттың түрі көп болғанымен, ата-аналар мен оқушылардың сұраныстарын қанағаттандыратын және дене қасиеттерін (ептілік, иілгіштік, дәлдік, шапшаңдық, т.б.) дамытатын, әдемі спорт түрі - спорттық акробатика. Дене дамуын арттырып, шеберлікті шыңдауда жаттығушының өз бетіндік дайындығын, жауапкершілігін, қызығушылығын тудыру "Спорттық акробатика" үйірмесінің басты басымдылығы болып табылады.