Орал қаласының білім беру бөлімінің «Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны – 2016 жылдың 13 желтоқсанында құрылып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ашылған көпбейінді қосымша білім беру мекемесі. Мақсаты:балаларға, жасөспірімдер мен жастарға әлеуметтік, білім беру және сауықтыру іс-шараларда әртүрлі бағытта өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттерін іске асыруға мүмкіндік беретін көпбейінді қосымша білім беру.
Қаржыландыру құрылымы – жергілікті бюджет. Жалпы ауданы – 17 477 шаршы метрді құрайды.
Ғимарат 73 кабинет орналасқан 4 қабатты 6 блоктан тұрады. 1-қабатта орналасқан Атриум арқылы 200 орындық көрермен залына, оқу кабинеттеріне, 45 орындық планетарий, обсерватория, бассейн, жасанды мұз айдыны, көпсайыс, жеңіл атлетикалық манеж, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі залдарына жол ашылады. 200-ден астам оқушыны жаттықтыратын бокс орталығына олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтың есімі берілген.
Оқушылар сарайында мыңдаған жасөспірімдерге сабақтан бос уақытта шығармашылық жұмыстармен айналысуға мол жағдай жасалған. Ғимараттың 1-қабатында «Қысқы бақ» демалыс аймағы, 80 орындық асхана, медициналық кабинет, Хай-тек орталығы орналасқан.
2019-2020 оқу жылына жалпы саны 6-17 жас аралығында 2 477 оқушы қабылданды.
Биылғы оқу жылының жаңашылдығы – «Балапан» мектепке дейінгі даму орталығының ашылуы. Онда мектеп жасына дейінгі балаларға сауат ашу, ағылшын, тіл дамыту, логика, сурет сабақтары жүргізіледі және бассейнде суға жүзуге үйренеді.
53 түрлі үйірме 5 бағытта жұмыстанады: спорттық, өнер-шығармашылық және пәндік-техникалық, «Хай-тек» орталығы, «бассейн».
Бағыттары:
Предметно-техническое |
Художественно-эстетическое |
Спортивное |
Хай-тек |
Тарих білгірлері |
Ілмекпен тоқу |
Бассейн (ақылы) |
Бағдарламалау |
Экономикалық есептеулер |
Сәндік қолданбалы өнер |
Бокс |
Компьютерлік сауаттылық |
Развитие речи |
Сахна мәдениеті |
Шахмат |
3D модельдеу |
Мамандыққа қадам |
Мүсіндеу |
Қазақ күресі |
ІТ технология |
Сөз өнері |
Киім үлгілеу |
Жеңіл атлетика |
Робототехника |
Тіл шешендігі |
Қастеев ұрпақтары |
Асық ату |
STEAM |
Жас ақын |
Сурет |
Теннис |
Жас бағбан |
Дебат |
Домбыра |
Фитнес |
Химиядан қызықты тәжірибелер |
Ғибрат |
Қолөнер |
Дойбы |
Компьютерлік графика |
Қызықты физика |
Жас суретші |
Тоғызқұмалақ |
|
Математика және логика |
ART |
Самбо |
|
Ағылшын |
Вокал |
Футбол |
|
Хор |
|
|
|
Би өнері (ақылы) |
|
|
|
КТК |
|
|