Сайысқа санитарлық талаптарды сақтай отырып, әр бөлімнен 1 оқушыдан қатысты.Сайыс барысында сайыскерлеріміз білім, тіл, туған жер,отан, еңбек туралы мақал-мәтелді жатқа айту,суреттер арқылы жасырылған мақалды табу және жасырылған сөздерден мақал-мәтел құрастырудан сайысқа түсті.Әрбір қатысушы өздерінің мақал-мәтелге жүйріктігін, тілге шешендігін көрсетіп, сайыс тартысты да,қызықты өтілді.Сайыс қорытындысында сайыскерлеріміз дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен бірге «Мәңгілік ел- мәртебелі тіл» тақырыбында көрме оздырылып, «Тіл-татулық тірегі» онлайн форматта эссе жазылды.