Орал қаласының білім беру бөлімінің «Оқушылар сарайы» МКҚК-да қалалық білім беру бөлімінің «Өзіңнен баста! Начни с себя!» акциясы аясында балаларды әлеуметтік жауапкершілікке үйрету, ынтымақтастық және мейірімділік сезімдерін ояту мақсатында «Ойын-ойды өсірер» тақырыбында қалалық семинар-тренингі ұйымдастырылды. Семинар барысында балалардың көніл-күйлерін көтеру және бір –бірімен байланысын нығайту мақсатында «Я такой же, как ты» психологиялық тренингі өткізіліп, «Мүсіндеу» және «Қол өнер» шеберлік сыныптары оздырылды. Шеберлік сыныбында балалар өз шеберліктерімен ұлдар жануарлардың мүсіндерін, қыз балалар әшекей бұйымдарын жасады. «Мы танцуем!» флешмобымен ашық алаңында жалғасып, спорттық алаңда «Көңілді старт» спорттық эстафеталық ойындар өткізілді. Шара соңында қатысушылар «Менің алған әсерім...» тақырыбында алған әсерлері туралы өз ойларымен бөлісті.