«Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» атты мерекелік онлайн концерті

2 қазан   күні Оқушылар сарайында «Ұстаздар күні»  мерекесіне орай  «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар»  атты мерекелік онлайн концерті  оздырылды. Концертімізді Сарайымыздың директоры Алманбетова Сандуғаш Жексембайқызы ұстаздарды құттықтау тілегімен ашып, мереке қарсаңына орай ұстаздарымызға мерекелік алғыс хаттар табыстады және пәндік-техникалық бөлімінің әдіскері Қ.А.Таскарина Орал қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Концертіміз шәкірттеріміздің ұстаздарына арналған  өлеңдері және ән шашумен жалғасты.