Қалалық білім беру бөлімінің «Өзіңнен баста! Начни с себя!» акциясы аясында оздырылған «Сарайға саяхат!» семинар-тренингі

2020  жылдың  16 қазаны күні Орал қаласының білім беру бөлімінің «Өзіңнен баста!» жобасы аясында оқушылар сарайында жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша "Сарайға саяхат" танымдық сағаты оздырылды. Шара барысында Сарайдың жұмыс бағыттары баяндалып, экскурсия жасалды.
Балалармен бірлесіп қол өнер , сурет салу, мүсіндеу және спорттык жаттығуларды жасау шеберлік сыныптары өткізілді. Балалар мен және олардың ата-аналары қызығушылықпен қатысып, үйірмелерге жазылды. Шара соңында ата-аналар балаларымен "Көңілді күн" флешмобына қатысып, "Менің әсерім " тренингі арқылы өз ойларымен бөлісіп, алғыстарын білдірді.