2020 жылдың 06 қараша күні Орал қаласының білім беру бөлімінің «Өзіңнен баста!» жобасы аясында «Оқушылар сарайы» МКҚК-ның ұйымдастыруымен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу мен Сарайымыздың үйірме жұмыстарының өтілу барысын көрсету мақсатында «Үй жағдайындағы химиялық, биологиялық тәжірибелер» танымдық шарасы оздырылды.
Шара барысында «Химиядан қызықты тәжірибелер» үйірмесінің жетекшісі Л.С.Мукатаева балаларға «Киімге түскен дақты кетіру жолдары», «Қысқы дайындық – банка жабу» әдісі туралы шеберлік сыныптарын көрсетіп, балалармен бірлесе жасаса, «Кекс» дайындап үйренеміз» тақырыбында балалар нұсқаулық бойынша «Кекс» дайындап, қысқатолқынды пеште пісіріп, өздері дайындаған тәттіден дәм татып, ата-аналарына таратып, мәз болды. «Жас бағбан» үйірмесінің жетекшісі Г.К.Бергалиева қатысушыларға «Бөлме өсімдіктерін баптау» тақырыбында бөлме өсімдіктерін күту және оны баптау жолдарын түсіндіріп, Сарайішілік экскурсиямен жалғасты.
Шара соңында "Алған әсерлеріңіз қандай?" тақырыбында қатысушылар мен олардың жетекшілеріне кері байланыс жүргізілді.