2020 жылдың 13 қараша күні Орал қаласының білім беру бөлімінің «Өзіңнен баста!» жобасы аясында «Оқушылар сарайы» МКҚК-ның ұйымдастыруымен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу мен Сарайымыздың үйірме жұмыстарының өтілу барысын көрсету мақсатында «Қызыққа толы бір күнім» танымдық шарасы оздырылды.
Шара барысында «Жас суретші» үйірмесінің жетекшісі А.М.Тлемберлиева «Көбелектің әдемілігі» абстракция жанрында келген балаларға шеберлік сыныбын көрсете отырып, балалармен бірлесе жұмыстанды.
«Тілашар» үйірмесінің жетекшісі Д.М.Камешева «Күзгі жемістер» ойын сабағын өткізді. Сабақ барысында «Кел танысайық» тренингі арқылы балалармен танысып, күз мезгілі және күзгі жеміс-жидектер туралы ой қозғау сауалдары қойылып, күзгі жеміс-жидектердің атауларын екі тілде айту арқылы "Кім жүйрік?" ойыны ойнатылып, күз туралы өлең-тақпақтар айтылып, сергіту жаттығулары жасалып,сабақтан салған әсерлерімен бөлісті.
Шара соңында "Алған әсерлеріңіз қандай?" тақырыбында қатысушылармен кері байланыс жүргізілді.