24 -28 сәуір аралығында cпорт бөлімінің «Салауатты өмір салты-салауатты жас ұрпақ» атты онкүндігі ұйымдастырылды.
Ашылу салтанаты: 24 сәуір сағат 10:30 да «Оқушылар сарайы» МКҚК спорт бөлімінің «Салауатты өмір салты-салауатты жас ұрпақ» атты онкүндігінің ашылу салтанаты оздырылды. Онкүндіктің мақсаты: Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында оқушылардың спортқа қызығушылықтарын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Салауатты өмір салтын насихаттау, дені сау ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.
Денсаулық-зор байлық, - дегендей, бүгін үздік дамыған елдермен терезесін теңестіруді көздеген елімізде тәуелсіз мемлекетіміздің жарқын келешегі – жас ұрпақтың дені сау, жан-жақты дамыған, кез-келген тәуекелдерге төтеп бере алатын мықты тұлғаларды тәрбиелеуге үлес қосу. ОТЖДО Алмагул Жақсылыққызы алғашқы құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды.
«Аэробика» үйірмесінің жас жеткіншектері «Нәзік» биін биледі.