"Палитра"

Жасы: 5-10 жас/лет

Бағасы: 1 АЕК (3063 тг)

Мұғалімдердің аты-жөні: Ибраймова Д.Х.

Оқыту тілі:

Сипаттамасы:

«Палитра» үйірмесін жүргізу үрдісінде оқушылардың бойында ойын еркін жеткізе білу, әсемдік әсерін жеткізе білу, образды ойлау, байқампаздық және есте сақтау қабілеттері дамиды. Сурет салу сабағында балалардың құрылым, затты кеңістікте дұрыс орналастыру, сәуле түсіру, түстерді таба алу, пішіндерді салыстыра алу, оларды дұрыс бейнелеу дағдылары қалыптасады. Ең маңыздысы оқушылардың сурет салудағы алғашқы біліктілігі қалыптасады. Үйірме мақсаты: негізгі мақсат: мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнерінің негіздеріне тарту арқылы шығармашылық қабілеттерді, көркем жұмыстар арқылы өз ойын жеткізу қажеттіліктерін қалыптастыруды жүзеге асырады.