Жасы: 7 жас/лет
Бағасы: 1 АЕК (3063 тг)
Мұғалімдердің аты-жөні: Рахимжанова Самал Галимовна
Оқыту тілі: Казахский
Сипаттамасы:
"Музыка - адамның жан-дүниесіне көркемдік жағынан әсер етеді; ән мен музыка адамда көркем, эстетикалық сезімдерді туғызу арқылы тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуіне, бойдағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал жасайды",- Әл-Фараби. Хор жанрына түсінік: • әр түрлі дауыста ән салатын; • ән айтудың вокалдық-техникалық дағдысын толық меңгерген; • орындалатын шығарманың мазмұнын көркемдік мәнерлік сипатында тындаушысына жеткізе білген адамдардың топтасып, ұйымдасқан ұжымы. Хор түрлері: • Академиялық немесе капеллалар; • Халықтық хорлар. Балалар хоры жетекшісінің міндеті: • балалардың музыкалық тәрбиесімен жас ұрпақ тәрбиелеу; • хор ұжымымен жұмыс жасау әдістерін одан әрі қарай жақсарту; • оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай топтастыру; • вокалы-хор жаттығуларын жүргізу; • хор репертуарына ұлттық мұраны енгізу; • баланың музыкалық қабілетін ашу; • музыкалық шығарманың мағынасын ашып беру. Хор сабағының эстетикалық маңызы: • баланың басқалармен қарым-қатынас орната білуіне • үлкен мен кіші арасындағы сыйластыққа • көпшілік ортада өзін еркін ұстай білуіне • өзіне де, басқаға да жан-жақты баға беруіне • бастаған ісін аяқтай білуге • ерік жігерінің, еңбек сүйгіштігінің арртыруға • жағымды мінез-құлқын қалыптастыруға жол ашады. Репертуар: • Жеткіншектер вальсі. Сөзі мен әуені А. Меңжанова • Ұстазыма. Сөзі Қ.Кішібаев, әні Ә.Әбдінұров • Алтын ұя мектебім. Сөзі С.Ибрашев, әні С.Шынтеміров • Мы любим вас, родные ваши лица. Сөзі мен әні Светлана Ардашева. • Попурри на школьные темы • Оқушылар сарайының әнұраны. Сөзі М.Балмолда, әні Р.Бишаев. • "07 аймақ"- Д. Рахметжанов. Концерттер: • Ұстаздар күніне арналған мерекелік концертте "Попурри на школьные темы" әнімен; • Оқушылар сарайының 5 жылдық мерейтойында, Қазақ драма театрында мерекелік концертте орындады: 1. 07 аймақ 2. Оқушылар сарайы әнұраны Болашақта өнерлі балдарды өрге көтеріп, еліміздің болашағына үлес қосу менің мақсатым!