Қазақстан халқының тілдер күніне орай «Мақал-сөздің мәйегі» сайысының және «Мәңгілік ел- мәртебелі тіл» көрмесі

Сайысқа санитарлық талаптарды сақтай отырып, әр бөлімнен  1 оқушыдан қатысты.Сайыс барысында  сайыскерлеріміз білім, тіл, туған жер,отан, еңбек туралы мақал-мәтелді жатқа айту,суреттер арқылы  жасырылған мақалды табу және жасырылған сөздерден мақал-мәтел құрастырудан сайысқа түсті.Әрбір қатысушы  өздерінің мақал-мәтелге жүйріктігін, тілге шешендігін  көрсетіп, сайыс тартысты да,қызықты өтілді.Сайыс қорытындысында  сайыскерлеріміз дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен бірге  «Мәңгілік ел- мәртебелі тіл» тақырыбында көрме оздырылып, «Тіл-татулық тірегі» онлайн форматта эссе жазылды.