25 қыркүйек күні қалалық білім беру бөлімімен бірлесіп ұйымдастырылған қалалық білім бөлімінің «Өзіңнен баста! Начни с себя!» жобасы аясында балаларды әлеуметтік жауапкершілікке үйрету, ынтымақтастық және мейірімділік сезімдерін ояту мақсатында «Өзгерісті өзіңнен баста!» тақырыбында қалалық семинар-тренингі өткізілді. Семинар барысында «Сүйікті Сарайым!» экскурсиясымен басталып, «Біз мықтымыз» эстафеталық ойындар, «Бала денсаулығы-ұлт болашағы» медбике баяндамасы, қалалық білім беру бөлімінің әдіскері «Ер азаматтың Отан алдындағы борышы – елін қорғау» тақырыбында бейнесабақ көрсетіліп, балалардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында «Көңілді күн!» флешмобымен жалғасты. Шараға қалалық білім беру бөлімінің әдіскерлері Т.А.Теміршеева мен Б.Ш.Сакипкалиев, полиция инспекторы, мектеп оқушылары, ата-аналар және мұғалімдер қатысты.