Қалалық білім беру бөлімінің «Өзіңнен баста! Начни с себя!» акциясы аясында оздырылған «Үйірмелер әлеміне саяхат» танымдық алаңы

2020 жылдың 30 қазан күні Орал қаласының білім беру бөлімінің "Өзіңнен баста! жобасы асында" Оқушылар сарайы " МКҚК-ның ұйымдастыруымен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу мен Сарайдың үйірме  жұмыстарының өтілу барысын көрсету мақсатында" Үйірмелер  әлеміне саяхат" танымдық шарасы оздырылды.

Шара барысында қатысушыларға сарайдың педагог - психологі Б. Ж. Сариева "Қошемет сіздерге!" танысу тренингі жүргізіліп, "Ағылшын тілі" үйірмесінің жетекшісі Н. М Хаасанованың "Halloween party" ойын сабағымен жалғасты.

Қатысушыларға сарайішілік  экскурсия жасалып "Бассейн" бөлімі нде  бассейн жаттықтырушысы С. Қ. Есенжанның тәрбиеленушілерімен жүргізілген "Жүзудің түрлері" тақырыбында жаттығу сабақтарын тамашаласа, "Әсем-ай" вокал үйірмесінің жетекшісі Г. Т. Габлуллинаның "Дауысыңды тыңда!" дауыстық жаттығулар жасау арқылы дыбысты тыңдау және оны қайталау жаттығуларын бірлесіп орындалды. "Фристайл"   бөлімінде " Футбол "үйірмесінің жетекшісі М. Кеңес доппен іс-қимыл жаттығуларының бірнеше түрлерін көрсету отырып, балалармен іс-қимыл жаттығулары жасалды.

Шара соңында "Алған  әсерлеріңіз қандай?" тақырыбында қатысушылар мен олардың жетекшілеріне кері байланыс жүргізілді.