Қалалық білім беру бөлімінің «Өзіңнен баста! Начни с себя!» акциясы аясында оздырылған «Өнерден алған әсерім» танымдық алаңы

2020 жылдың  20  қараша  күні Орал қаласының білім беру бөлімінің «Өзіңнен баста!» жобасы аясында  «Оқушылар сарайы»  МКҚК-ның ұйымдастыруымен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу мен Сарайымыздың үйірме  жұмыстарының өтілу барысын көрсету мақсатында «Өнерден алған әсерім»  танымдық шарасы оздырылды.

Шара барысында Сарайымыздың медбикесі «АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында презентациялар, видеороликтер көрсетіп,  аурудың берілу жолдары, белгілері туралы дәріс өткізсе, «Сәндік қолданбалы өнер»  үйірмесінің жетекшісі Г.М.Алғалиева  «Таспадан раушан гүлін жасау», «Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі К.Б.Рыскалиева «Ниткография. Жіппен сурет салу» тақырыптарында  келген балаларға шеберлік сыныптарын  көрсете отырып, балалармен бірлесе жұмыстанды.

Шара соңында "Бір сөзбен" әдісі арқылы қатысушылармен кері байланыс  жүргізілді.